From Wikipedia, the free encyclopedia
Абай даңғылы. Абай даңғылы К.Күмісбеков көшесінен басталып, Пушкин көшесінде аяқталады. Ол Сарыарқа, Жеңіс, Республика даңғылдарын және Желтоқсан, Бейбітшілік, Ә.Бөкейхан, М.Әуезов, М.Ғабдуллин, Ш.Уәлиханов, Ә.Сембинов, Б.Бейсекбаев, А.Жұбанов көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы 5280,6м.
Абай Құнанбайұлы (1845-1904) — қазақтың ұлы ақыны, философ, ағартушы, композитор. Абай бала кезінен елдегі шешен, ақын, ертегішілердің әңгімелерін тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен ерекшеленген. Қазақтың мәдени-рухани байлығын бала кезінен бастап бойына сіңірген ол - қазақ әдебиетіне жаңа идеялық, көркемдік үлгілер әкелді. Шығыс классиктері Низами, Сағди, Науаи, Физули, Жәми және орыс ақын-жазушылары А.Пушкин, М.Лермонтов, Л.Толстой мұраларын оқып, оларды тереңірек зерттепбіліп, таныс болған. Абай өлеңдерінің ішінде мазмүны жағынан да, көркемдік бітімі жағынан да ерекшеленіп тұрған үздік туындылар мол. «Сегіз аяқ», «Сен мені не етесің», «Қансонарда бұркітші шығады аңға», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Жаз», «Желсіз түнде жарық ай», «Болыс болдым, мінеки», «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?» секілді өлеңдері тың дүниелердің қатарына жатады.
Абайдың философиялық, көркемдік, әлеуметтік, гуманистік және діни көзқарастары терең көрінген еңбегі - оның қара сөздері. Абайдың қара сөздері - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығарма. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын бұл шығарма тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Ұлы ойшыл қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана емес, оның тереңдігіне, логикалық мәніне назар аударған.
Абай мұрасы қазақ мәдениеті мен әдеби тілінің дамуына үлкен ықпал жасады. Оның шығармалары басқа тілдерге аударылу арқылы дүние жүзіне тарады. Қазақтың классик жазушысы М.Әуезовтің бас кітабы - «Абай жолы» ұлы ақынға арналған. Абай - қазақ әдебиетінің, оның ішінде қазақ поэзиясының өркендеп дамуына зор үлес қосқан ұлы тұлға.
Бұл даңғылда ҚР Мемлекеттік қызмет агенттігі, Астана қаласы әкімдігі, ақынның ескерткіші, "Ramada Plaza Astana" қонақ үйі, «Мегаспорт» сауда үйі, «Жаннұр» сауда орталығы орналасқан.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.