Абай Бөлекбайұлы Тасболатов (21 қыркүйек, 1951, Ақжар ауданы) — Қазақстан Республикасы Республикалық ұлан қолбасшысы, генерал-лейтенант. Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, Ресей Федерациясының Әскери ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі.
Алматы жоғары жалпы әскерлік командалық училищені бітірген.
Мәскеу қаласындағы Ф.Э. Фрунзе атындағы Әскери академияны бітірген.
1969 ж. бері — Қарулы Күштер қатарында.
1973—97 жж. Алматы жоғары жалпы әскерлік командалық училищесінде курсант взводы командирінен училище бастығына дейін жоғарылады. Мемлекеттік қорғаныс комитетінің бөлім бастығы болып қызмет атқарды.
Қазақстан Республикасы Әскери академиясының бастығы болып тағайындалған.
2002 ж. қаңтардан бастап Қорғаныс министрінің орынбасары болып қызмет атқарды
2006 ж. қаңтардың 21-інде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Абай Тасболатов Қазақстан Республикасы Республикалық ұлан Қолбасшысының лауазымына тағайындалды.
2012 жылдан Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты.
11 қыркүйек 2015 жылдан - Қазақстан Парламенті Мәжілісі төрағасының бірінші орынбасары.