From Wikipedia, the free encyclopedia
Ішкі істер министірлігінің заң институты, ҚР ІІМ Б.С.Бейсенов атындағы ҚарЗИ , (Қарағанды қаласы), жоғары оқу орны. 1969 жылы КСРО ІІМ-нің Мәскеу жоғары милиция мектебі Алматы күндізгі-сырттай факультеті негізінде ашылған. 1992 жылы қаңтар айынан ҚарЗИ - ҚР ІІМ, 1995-97 жылы ҚР Мемлекеттік тергеу комитетінің қарамағында, 1997-99 жылдары — Қарағанды Жоғары мектебі. 1999 жылдан қайтадан ҚР ІІМ қарамағында, ал сол жылдың 27 қыркүйегінен бастап ҚР ІІМ қарағанды заң институты болып қайта құррылды. 2001 жылы институтында оның негізін қалаушы Б. Бейсеновтың есімі берілді. Институтында 2 жалпы және арнайы кітапхана (кітап қоры 300 мың дана), 6 дәріс зал, 30 оку аудиториялар, 36 оқу-әдістемелік кабинет, педагогикалық шеберлік кабинеті, 1 жедел- криминалистикалық сынақ алаңы (полигон), 2 өзін-өзі қорғауға арналған залы бар, қазіргі құрал-жабдықтармен жарақталған спорт кешені, ауыр атлетика залы, 25 метрлік жүзу бассейні, стадион, 2 жатақхана бар. Карағанды қаласынан 40 км жерде Долинка кентінде орналасқан оқу орталығында негізінен 1-ші курсқа арналған лагерьлік жиындар, 3- және 4-ші курс тыңдаушыларына — кешенді жедел-тактикалық оку және жаттығулар өткізіліп тұрады. Армия қатарында болып, азаматтық борышын өтегендер қабылданады. Оқу мерзімі — 4 жыл. Оқу НМ қаржысына жүргізіледі. 2-курсты тамамдағаннан кейін «В» категориялы автокөлікті жүргізуге куәлік беріледі . Оқуды аяқтағаннан кейін ішкі істер бөлімшелерінде міндетті түрде 5 жыл жұмыс атқару керек. Институттың оқытушы-профессорлар 2005). Құрамында 7 ғыыми докторы мен 80 жуық ғылыми кандидат бар. Көптеген оқытушылары мен тындаушылары ордендермен және медальдармен марапатгалған, онын ішінде мектеп түлегі В. Немча- нинов — Қызыл Жұлдыз орденінің иегері.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.