From Wikipedia, the free encyclopedia
Ішекті музыкалық аспаптар, хордофондар – ішектері арқылы үн шығаратын музыка аспаптары. Ішекті музыкалық аспаптары дыбысының жоғары-төмен болып өзгеруі ішегінің қысқа (мысалы, скрипка, қобыз), немесе белгілі бір диапазонға келтіріліп қойған ішегіне (мысалы, фортепиано) байланысты. Ішекті музыкалық аспаптартардың дені ағаштан әзірленеді де, дека деп аталатын негізгі үнді тербеліске түсіріп шығаратын бөлігі шырша, не болмаса самырсын ағашынан жасалады. Әдетте ішекті музыкалық аспаптардың кейбір бөлшектерін бекіту және механизмдік тетіктері үшін металл (ішектен басқа) қолданылады. Ішекті музыкалық аспаптар дыбыс-үн шығаруына қарай ысқылы (виола, виолончель, гиджак, қобыз, скрипка, т.б.), шертпелі (арфа, балалайка, гитара, гусли, домбыра, т.б.), соқпалы, соқпалы-тілді (цимбал, фортепиано, т.б.) және шертпелі-тілді болып жіктеледі; қ. Музыкалық аспаптар.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.