Ішек – музыкалық аспапқа арнайы жасалған, дыбыс-үн шығару мақсатымен оған тағылатын жіңішке жіп-сым (қыл). Муз. аспаптың түріне қарай ол әдетте малдың ішек-сіңірінен, аттың қылынан, пластмассадан, жібек пен сымнан да жасала береді. Белгілі бір муз. аспаптың жіңішке жіп-сымы мен қылын созып тартқан сайын оның дыбыс-үні де жоғары әрі ашық болып шығады. Кейбір муз. аспаптардың, мыс., толымдырақ болу үшін балалайканың І-і әдетте жіп-жіңішке сыммен оралады. Қазақтар ертеден-ақ малдың (мыс., қой мен ешкінің) ішектерін домбыраға, ал қобызға жылқының қылын қолданған; қазіргі кезде домбыраға зауыттан арнайы жасалып шығарылатын төртінші немесе бесінші нөмірлі кетгут пайдаланылады.

[1]

Пайдаланылған cілтемелер

  1. Қазақ Энциклопедиясы, 9 том


Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.