Ісләм Жарылғапов (4 тамыз 1918 жыл Жезқазған облысы Жаңаарқа ауданы Бірлік ауылы) - жазушы, журналист, аудармашы.
Арғын тайпасы Қуандық руының Мойын Аралбай бөлімінен шыққан[1].
- Алматы педагогикалық училищесін бітірген (1942).
- Мәскеу Жоғары дипломатия академиясының тыңдаушысы болған (1944-1945).
- Алматы облыстық комсомол комитетінің хатшысы
- БЛКЖО Орталық Комитетінің (Мәскеуде) нұсқаушысы
- Алматы қалалық комсомол комитетінің бірінші хатшысы
- Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің лекторы, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары (1946—1952)
- Партия тарихы институтының аға ғылыми қызметкері
- «Жазушы», «Қазақстан» баспаларының аға редакторы, редакция меңгерушісі
- Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің алқа мүшесі
- Өнер басқармасының бастығы
- Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас редакторы
- «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы
- «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары
- Қазақстан Жазушылар одағында көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, аударма кеңесінің төрағасы секілді қызметтер атқарған.
Көркем әдебиет саласында М.Горький, М.Шолохов, А.Герцен, Л.Толстой, А. Пушкин, Ф.Ниязи, Ә.Несин, У - Ян, К.Цеткин, В.Бердаль, И — Р. Бехер, т.б. жазушылардың әр жанрдағы шығармаларын қазақшалаған. Ұлттық терминология жасау ісіне араласып, қазақ тілі қорын 500-ден астам жаңа терминдермен байытты.
- «Үздік мәдениет қызметкері»
- «Үздік баспасөз қызметкері» атақтарының иегері.[2]
Алтай шежіресі, жауапты редактор -- Хакім Омар, Құрастырушы Ісләмов Ібрахым (Жақан). Алматы, «Темірқазық» баспасы, 2014
Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл