Сыпайылық
From Wikipedia, the free encyclopedia
Сыпайылық (әдептілік, ізеттілік) — адамдарды сыйлау, қарым-қатынас пен өзара қатынастың күнделікті нормасы мен ережесіне айналған, айналадағылармен қарым-қатынас жасаудың әдетті тәсілі болып табылатын тұлғаның адамгершіліктік-психологиялық қасиеті, мінез бітісі.[1]
Ізеттілік – адамның әдептілігін, сыпайылығын, өнегелілігін, қарапайымдылығын білдіретін этикалық ұғым. Халқымыз өнегелі ісімен көзге түскен адамды, әсіресе, жастарды “Ізетті жан” деп атаған. Ізетті адам деп жақсы тәрбие алып, оны іс жүзінде қолданған адамды айтады. Ізеттілік белгілі бір тапсырманы іскерлік және саналылықпен атқарғандықтан да көрінеді.Сол сияқты “ізет көрсету” деп адамды сыйлау, құрметтеу мағынасында қолданылады.[2]