Led Zeppelin
From Wikipedia, the free encyclopedia
Led Zeppelin — 1968 жылы Лондонда құрылған британдық рок-топ. Заманауи тарихтағы ең табысты, жаңашыл және ықпалды топтардың бірі ретінде танылды.[2] Топтың құрамына вокалист Роберт Плант, гитарист Джимми Пейдж, басист және пернелі аспапшы Джон Пол Джонс және барабаншы Джон Бонэм кірді. Гитараның ауыр дыбысымен олар Хард-рок пен Хеви-металдың[3] бастаушыларының бірі болып саналады, дегенмен олардың стилі әртүрлі әсерлерге, соның ішінде Блюз мен Халық әндеріне негізделген.
Led Zeppelin | |
Солдан оңға қарай: Джимми Пейдж, Джон Бонэм, Роберт Плант, Джон Пол Джонс | |
Негізгі ақпарат | |
---|---|
Жанры | |
Белсенділік жылдары |
1968–1980 |
Мемлекет | |
Қайдан | |
Өлеңдерінің тілдері | |
Лейблі |
Atlantic Records |
Бұрынғы қатысушылары |
Роберт Плант |
Басқа да жобалары |
Band of Joy |
ledzeppelin.com |
Рок-музыкадағы ең сәтті топтардың бірі: олардың альбомдарының бүкіл әлем бойынша таралымы 300 миллион данадан асады,[4][5][6] АҚШ-та 112 миллион дана сатылды (төртінші орын). Топтың жеті альбомы Billboard 200 шыңына көтерілді. VH1 арнасының «Хард-роктың ең ұлы 100 әртісі» тізімінде №1 орында.[7] Rolling Stone журналы ұжымды «ең ауыр топ» және «70-ші жылдардағы ең үздік топ» деп таныды. 1995 жылы Led Zeppelin Рок-н-ролл даңқ залына енгізілді, ал 2005 жылы олар бүкіл мансабындағы үлестері үшін «Грэмми» сыйлығын алды (Grammy Lifetime Achievement Award).