Arial
From Wikipedia, the free encyclopedia
Arial (Arial MT атауымен де белгілі) - нео-гротеск санатты, кертпелері жоқ (sans-serif) тұрпатты компьютерлік қаріп. Microsoft Windows, Apple Mac OS X операциялық жүйелерінде және PostScript технологиясы қолданылатын бағдарламалық жасақтамаларда қолданылады.
Қаріпті 1982 жылы Робин Николас және Патриция Сандерс басқарған команда Monotype Typography және Type Solution Inc. компаниялары үшін жасап шығарды.
Ариалдың келесі модификациялары бар: Arial Black, Bold, Extra Bold, Condensed, Italic, Light, Medium, Monospaced, Narrow және Rounded.