Өрмекші-адам (фильм, 2002)
режисёрі Сэм Рэйми болған 2002 жылғы америкалық суперқаһарман фильмі / From Wikipedia, the free encyclopedia
Өрмекші-адам (ағылш. Spider-man) — 2002 жылы жарыққа шыққан, режиссёрі Сэм Рэйми және продюсерлері Лора Зискин мен Йен Брайс болған америкалық суперқаһармандар фильмі. Стив Дитко және Стэн Ли ойлап тапқан Marvel Comicsтың аттас кейіпкеріне негізделген бұл фильм — Өрмекші-адам жайлы бірінші фильм трилогиясының бірінші бөлімі. Фильмдегі басты рөлді сомдаған актёрлер қатарында Тоби Магуайр, Уиллем Дефо, Кирстен Данст және Джеймс Франко бар. Фильм Өрмекші-адамның шығу тегі мен оның ерте суперқаһармандық мансабы жайлы баяндайды. Генетикалық тұрғыдан өзгерген өрмекші шағып алғаннан кейін, жасөспірім Питер Паркер өрмекшіге ұқсас суперқабілеттер алады және олардың көмегімен Нью-Йорк қаласындағы қылмыс пен әділетсіздікке қарсы күреседі.
Өрмекші-адам | |
ағылш. Spider-man | |
Жанры |
суперқаһармандар |
---|---|
Режиссёрі | |
Продюсері | |
Сценарийдің авторы |
Дэвид Кепп |
Басты рөлдерде |
Тоби Магуайр |
Композиторы |
Дэнни Эльфман |
Кинокомпания |
Columbia Pictures[1] |
Дистрибьютор |
Sony Pictures Releasing[1] |
Ұзақтығы |
121 минут 20 секунд[3] |
Бюджеті |
$139 миллион[4] |
Кассалық түсімі |
$825 миллион[5] |
Мемлекет | |
Тілі | |
Шыққан жылы | |
Келесі фильм |
Өрмекші-адам 2 |
IMDb | |
http://spiderman.sonypictures.com/ |
Өрмекші-адам жайлы фильм әзірлеу 1975 жылы басталды. Фильмді әзірлеумен Тоуб Хупер, Джеймс Кэмерон және Джозеф Зито сияқты түрлі режиссёрлер айналысты. Дегенмен, жобаның әзірленуі лицензиялау мен қаржы мәселелеріне байланысты көптеген қиындық көрді. 25 жыл уақытқа жуық кідіріп қалған бұл процесс 1999 жылы Columbia Picturesтің лицензия алғанынан кейін «қайта тірілді». Түсірілім 2001 жылдың қаңтар–маусым айлары аралығында Лос-Анджелес пен Нью-Йоркте өтті. Фильмнің музыкасын Дэнни Эльфман жасаған. Сценарийшісі Дэвид Кепп және 2000 жылдан бастап режиссёрі Сэм Рэйми болған бұл фильм бүкіл АҚШ жерінде 2002 жылдың 3 мамырында жарыққа шықты.
Өрмекші-адам — түсімі бір демалыста 100 миллион долларға жеткен алғашқы фильм, сол кездегі санақ бойынша комикске негізделген ең табысты фильм. Дүние жүзі бойынша 825 миллион доллардан асатын касса табысы бар бұл блокбастер 2002 жылдың ең көп табыс әкелген үшінші фильмі, ең көп табыс әкелген суперқаһарман фильмі және шыққан кездегі жалпы табысы бойынша алтыншы фильм болды. Фильм Оскар сыйлығында «Үздік дыбыс» және «Үздік визуалды эффектілер» номинацияларына ие болды, сонымен қатар көптеген басқа марапаттарымен де наградталған. Өрмекші-адам заманауи суперқаһарман жанрын анықтаған фильмдердің қатарына жатқызылады.[6][7][8] Сәтті болған бұл фильмнің кейін екі жалғасы жарық көрді: Өрмекші-адам 2 (2004) және Өрмекші-адам 3 (2007). Магуайр мен Дефо кейінірек мультиғалам идеясын бастаған «Өрмекші-адам: Үйге жол жоқ» (2021) фильмінде рөлдеріне «оралды».