Қырым Автономиялық Республикасы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қырым Автономиялық Республикасы (укр. Автономна Республіка Крим, қырымтат. Qırım Muhtar Cumhuriyeti, Къырым Мухтар Джумхуриети), — Украина құрамындағы автономиялық республика. Үлкен бөлігі Қырым түбегінде орналасқан. Шығысында Ресеймен теңіз шекарасы бар. 2014 жылдан бері Ресей Федерациясымен уақытша басып алынған.
Украина құрамындағы автономиялық республика | |||||
Қырым Автономиялық Республикасы | |||||
укр. Автономна Республіка Крим қырымтат. Qırım Muhtar Cumhuriyeti | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел | |||||
Енеді |
14 аудан, 16 қала, 56 әкімшілік бірлік, 950 ауыл | ||||
Әкімшілік орталығы | |||||
Украина президентінің Қырым Автономиялық Республикасындағы тұрақты өкілі |
Тамила Ташева | ||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Координаттары |
44°56′53″ с. е. 34°06′15″ ш. б.44.94806° с. е. 34.10417° ш. б. / 44.94806; 34.10417 (G) (O) (Я) | ||||
Құрылған уақыты |
12 ақпан 1991 жыл | ||||
Жер аумағы |
26 081 км² (13 орын) | ||||
Уақыт белдеуі | |||||
Ірі қалалары |
Ақмешіт, Керіш, Евпатория, Ялта, Феодосия | ||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
▲ 1 968 550 адам (2014) | ||||
Тығыздығы |
75,42 адам/км² | ||||
Ұлттық құрамы | |||||
Конфессионалдық құрамы | |||||
Ресми тілі |
украин — мемлекеттік, орыс және қырымтатар — ресми | ||||
Сандық идентификаторлары | |||||
ISO 3166-2 коды |
UA-43 | ||||
Телефон коды |
+380-65 | ||||
Интернет-үйшігі |
.crimea.ua; .cr.ua | ||||
Автомобиль коды |
АК (бұрыңғысы КР, КО, РК, МЯ, 01) | ||||
1921 жылдың 18 қазанында Қырым Кеңестік Социалисттік Республикасы құрылған еді. 1946 жылдың 25 маусымында Қырым облысы болып Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасы құрамына енгізіледі. 1954 жылдан бастап, Украин Кеңестік Социалистік Республикасының құрамында.
1991 жылдың 12 ақпанында референдум нәтижесінде Қырым Автономиялық Кеңестік Социалисттік Республикасы (ҚАКСР) болып қайта құрылады, ал 4 айдан кейін бұл факт украиндық конституцияда бекітіледі.
1992 жылдың 26 ақпанында Жоғарғы Кеңес шешімі негізінде ҚАКСР Қырым Республикасы болып атауы өзгертіледі. Сол жылдың 6 мамырында Қырым конституциясы аталған атауды бекітіп, растайды.
1994 жылдың 21 қыркүйегінде Украина Жоғарғы Кеңесі Қырым Республикасы деген атауды Қырым Автономиялық Республикасы етіп өзгертеді.
2014 жылғы 11 наурызда Қырым Автономиялық Республикасының Жоғарғы Кеңесі Тәуелсіздік жариялады.[1] Атаудағы "автономды" сөзі мағынасын жоғалтады, Қырым Жоғарғы Кеңесінің құжаттарында Қырым Республикасы деген өзін-өзі атау қолданыла бастайды. 2014 жылғы 18 наурызда Қырым Республикасын Ресей Федерациясы аннексиялайды.
Украина Қырымды Украинаның бір бөлігі деп санауды жалғастыруда, ол халықаралық қоғамдастықтың көпшілігінің қолдауына ие болды. Украинаның заңнамасында және БҰҰ-ның құжаттарында Қырым "Ресей Қарулы Күштері уақытша басып алған" деп саналады.