Қызыл үңгірлері
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қызыл үңгірлері (қыт.克孜尔千佛洞, пиньинь Kèzī’ěr Qiānfódòng — «Қызылдағы будданың мың үңгірі»; ұйғ. قىزىل مىڭ ئۆي, Qizil Ming Öy, Қизил Миң өй — «мың қызыл үй») — Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы, Бай уезіндегі Қыызыл қаласының маңында орналасқан жартасқа қашалған буддалық үңгірлер кешені.
Quick Facts Сипаттамасы, Орналасуы ...
Қызыл үңгірлері ұйғ. قىزىل مىڭ ئۆي | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ұзындығы | 3 000 м |
Орналасуы | |
41°28′13″ с. е. 82°18′06″ ш. б.41.4704° с. е. 82.3017° ш. б. / 41.4704; 82.3017 (G) (O) (Я) (T) | |
Ел | Қытай |
Аймақ | Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы |
Қызыл үңгірлері Ортаққорда |
Close
Қызыл үңгірлері Қытайдағы ең көне буддалық үңгір монастырларының бірі. Үңгірлер тау етегіне ойылған және олар платформалармен, ішкі және сыртқы ағаш баспалдақтармен біріктірілген. Қызыл үңгірлердің ұзындығы 3 шақырымға жуықтайды. Қызыл үңгірлері Қызыл қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 7 шақырым Музат өзенінің солтүстік жағалауындағы жартастарда орналасқан.[1]