Франс Халс
From Wikipedia, the free encyclopedia
Франс Халс - нидерл. Frans Hals - (1581 немесе1585, Антверпен - 26.08.1666, Харлам) - голланд кескіндемеші, реалисттік портреттің үздік шеберлерінің бірі.
Фламанд тоқымашысының баласы.
1600-03 ж. Карел ван Мендерде оқыды. Харламда жұмыс істеді.
1610 жылдан шебер. Чарлем атқыштарының топтама портреттерін жасады.
1720 жылдары интеллигенттер мен қарапайым халық өкілдері портреттерін ("Күліп тұрған офицер",1624ж.,Лондон, Уоллекс галерея; "Көңілді ішкіш",1627ж.,Амстердам, мемл.музей) жасауда еркін әрі шынайы қолтабамен көрінді. Типтік бейнелер ("Малле Баббе",1628, Берлиндегі музей, "И.Хорбек"1645, Брюссельдегі музей) , ер кісілер портреттердің (1650-52ж.,Эрмитаж. Санкт-Петербург) және басқа көптеген топтама портреттердің авторы.
Халс Франс творчествосы голланд портрет өнері мен жанрлық кескіндемесінің дамуына үлкен ықпал жасады.