Файлдарды бүркемелеу
From Wikipedia, the free encyclopedia
Файлдарды бүркемелеу (Кэширование файлов) — жиі пайдаланылатын файлдар мен программаларды файлдық сервердің жадында сақтауға мүмкіндік беретін әдіс. Файлға алғашқы рет сұрату болған кезде файл сервердің жадына көшіріледі. Содан кейін ғана сұрату жасаған жұмыс бекетіне жіберіледі. Осы файлға келген келесі сұратулар оның сервердегі көшірмесі арқылы қанағаттандырылады. Қатқыл дискідегі файлдарды оқығанға қарағанда бүркемеленген файлдарға қатынас кұру біршама тез орындалады.