Уикипедия:Форум/Ережелер
From Wikipedia, the free encyclopedia
Уикипедиядағы Бітікші - жобаның техникалық қызмет көрсету құралдарына тиісінше мұрсаты бар қатысушы. Ол мұрсаттарға:
- қатысушыларға «бітікші» мәртебесін беру (оны бітікші ала алмайды);
- қатысушыларға «Админдер», «бот» және тексеруші дәрежелерін беру және қайтып алу [1];
- тіркелгі жазбаларын қайта атау және кейбір жағдайларда тіркелгі жазбаларын озбырлықпен басып алу жатады.
Форум — Ережелер | Сілтеме: УП:ФЕ |
Егер жаңа ереже немесе жобаны ұсынғыңыз келсе, ұсыныстар бөлімін пайдалаңыз.
Басқалар · Сұрақтар · Жаңалықтар · Ұсыныстар · Ережелер · Техникалық · Қателер туралы хабарлау · Администраторлар форумы ·
↓ | Беттің сақталған уақыты 2021-05-07 Өтініш, жаңа тақырыпты беттің астынан бастаңыз. |
Жаңа талқылау
Бітікші туралы
Бітікшілер өзінің қызметін атқару үшін бірінші кезекте ережелер мен қауымдастық келісімдеріне арқа сүйеуге тиісті. Админдер немесе бітікші дәрежесін беру үшін админ дәрежесін алуға өтініш білдіру бетіндегі дауыс беру арқылы білдірілген қауымдастық консенсусы қажет етіледі. Бірақ, кейбір дауыс саны тең болған жағдайларда бітікшілер бұл дәрежені беру немесе бермеу жолын өзінің тыңғылықты ойластырылған дәйекті пікірлерімен шешеді.
Қатысушыдан бот дәрежесін алуға үміткер бот дәрежесін алу үшін өтініш беруі және дәреже беру үшін қауымдастық келісімін алуы керек. Бот дәрежесін алып тастау үшін боттың дәлелді себебі немесе өтініші керек. Қатысушының атауын өзгерту үшін оның келісімі керек.
Бітікшілерге жоғарыда аталған техникалық мұрсаттардан өзге қосымша техникалық мұрсаттарға жатпайтын келесі тапсырмаларды орындау жауапкершілігі жүктеледі:
- төрешілер комитетін сайлау ережесіне сәйкес төрешілер сайлауының өткізілуін қадағалайды;
- шешімі түйінді жағдайларда админ немесе бітікші дәрежесін тілеу туралы өтінім нәтижесі бойынша шешім қабылдайды.
Ережелерді тұрақты түрде қабылдау бітікшілердің міндетіне жатпайды.