Стивсөз
From Wikipedia, the free encyclopedia
Стивсөз (немесе Стив Джобстың түйінсөз баяндамалары, ағылш. Stevenote) - Apple компаниясының бұрынғы бас директоры Стив Джобс жасаған түйінсөз баяндамаларына берілген ауызекі термин болып, Джобстың Apple Worldwide Developers Conference, Macworld Expo және Apple Expo секілді іс-шараларда сөйлеген түйінсөздеріне қаратылады. Осы түйінсөздерде көп санды Apple өнімдерінің алғашқы шығарылымы жұртқа таныстырылғандықтан, "Стивсөздер" Apple акцияларының бағасына айтарлықтай өзгеріс тудырды.[1]
Джобстың 2011ж, 6 Маусымда iCloud (Apple-дің бұлтты есептеу сервисі) жүйесін жариялауы оның соңғы Стивсөзі болды. Сол күні OS X Lion және iOS 5 туралы да айтылды. Бұл оның 24 тамызда бас директорлық қызметінен кеткенге дейінгі және сол жылы 5 қазанда қайтыс болғанға дейінгі соңғы көпшілік алдында шығып сөйлеуі болды.