Оскар (киножүлде, 2014)
From Wikipedia, the free encyclopedia
86-ші Оскар марапатын тапсыру рәсімі, 2013 жылғы түсірілген кинематография үздіктеріне 2014 жылы 2 наурызда, Голливудтағы Dolby Театрында өтті[1]. Салтанатты шара барысында Кинематографиялық Өнер және Ғылым Академиясы 24 номинация бойынша Академия марапатын табыстады. Салтананатты шараны актер Крис Хемсворт пен Шерил Бун Айзекс жүргізді[2].86-ші Академия жүлдесіне үміткерлерінің тізімі 2014 жылдың 16 қаңтарында сағат таңғы 5:38 PST (13:38 UTC) -да жарияланды.
Оскар (киножүлде, 2014) | ||||
---|---|---|---|---|
Үлгі:Alt} Ресми постері | ||||
Күні | 2 наурыз, 2014 | |||
Өткен жері |
Долби театр Голливуд, Лос-Анжелес, Каллифорния, АҚШ | |||
|
Джастин Тимберлейк жүргізу рөліне келіссөздер жүргізген болатын[3] дегенмен соңында осы орынға тележүргізуші және актриса Эллен Дедженерес мақұлданды[4].
Баспасөзде 86-ші рәсім соңғы бес жылдағы ең оңай болжалған және үйреншікті деп аталды — негізгі марапаттар, сарапшылар болжаған фильмдер мен адамдарға берілген [5]. Үздік фильм деп академиктер «12 жыл құлдық (фильм)» тарихи драмасын, режиссуруа үшін статуэтті мексикалық Альфонсо Куарон, оның негізгі бәсекелесі қоюшысына — «Гравитация» технотриллеріне берілді. Жалпы бүгін кешке Куаронның ауқымды жобасы рекордтық жеті мүсіншені қанжығасына байлады, соның ішінде музыка мен камералық жұмысы үшін де марапатталды.
Бірінші пландағы үздік актерлерге Мэттью Макконахи («Даллас сатып алушылар клубы») және Кейт Бланшетт («Жасмин»), көмекшілерге — Джаред Лето фильміндегі Макконахи партнёрі және «12 жылдық құлдықта» ең көп зардап шеккен күңнің рөлін сомдаған дебютант Люпита Нионго алды.