Мультфильм
From Wikipedia, the free encyclopedia
Мультфильм немесе мультипликациялық фильм (лат. mult, лат. iplicatio - көбейту, ағылш. film - таспа) - көптеген суреттерден және солардың қимыл әрекетінен құралатын үздік туындылардан тұратын фильм.
Ал сол экрандағы балаларды қызықтырып көздерінің жауын алатын таңғажайып туындыларды жасайтын суретші-мультипликатор деп аталады. Болашақ мультфильм кейіпкерлері солар салған суреттермен жанданады. Бірақ, оны солай жандандырудың өзі оңай емес. Олардың қимыл-қозғалыстарды суретші көптеген суреттерден құрастырады. Он минуттік фильм жүз он бес мың суретті қажет етеді. Ол суреттерді тек ақ қағазға сала салмай, ол кейін целлулойдқа көшіріліп боялады, мультстанокте кадр-кадр боп, яғни бөлек-бөлек көріністер болып түсіріледі. Бұл өте күрделі де үлкен жұмыс. Және ол бір суретшіге тым қиын. Сондықтанда қазіргі таңда заманауи құрылғылар арқыл анимациялық мультфильмдер түсірілуде. Сол құрылғылар суретшілердің жұмысын бірнеше есе жеңілдетті[1].