Маржан аралы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Маржан аралы теңіз әктас түйіршіктері мен маржандар шоғырларынан құралған. Негізгі формалары — атолл. Олар қалыпты дамуы үшін теңіз суының температурасы жоғары және т.б. жағдайлар болуы керек. Маржан аралы негізінен жылы климаттық аймақтардың мұхиттары мен теңіздерінде (Үнді, Тынық мұхиттарының тропиктік белдемінде) жақсы дамыған.
Ірілері — Маршалл аралдары (аумағы 181,3 км²), Соломон аралдары (27556 км²), Жаңа Каледония (19103 км²), Мальдив аралдары (298 км²), т.б. көптеген аралдар кіреді.[1]