Магнус Карлсен
From Wikipedia, the free encyclopedia
Свен Магнүс Өөн Каалсен (норв. Sven Magnus Øen Carlsen, [svɛn ˈmɑ̀ŋnʉs øːn ˈkɑːlsn̩]; 30 қараша 1990 жыл, Тёнсберг, Норвегия) — норвегиялық шахматшы, шахмат бойынша 16-шы әлем чемпионы. 2013 жылдан бастап классикалық шахматтан әлем чемпионы, 2014 жылдан 2016 жылға дейін және де 2022 жылы рапид бойынша әлем чемпионы, одан бөлек 2014-2015, 2017-2018, 2022 жылдары блиц бойынша әлем чемпионы. Әлемнің ең жас гроссмейстерлерінің бірі - 2004 жылдың 26 сәуірінде (13 жас 4 ай 27 күн) гроссмейстер лауазымына ие болды (сол кезде ол әлемдегі ең жас гроссмейстерлер тізімінде екінші болды).
Магнус Карлсен | |
норв. Magnus Carlsen | |
Магнус Карлсен 2016 жылы | |
Мемлекеттер | |
---|---|
Туған кездегі есімі |
букмол: Sven Magnus Øen Carlsen |
Туған күні | |
Туған жері |
Тёнсберг, Вестфолл губерниясы, Норвегия |
Лауазымы |
гроссмейстер (2004) |
Максималды рейтингі |
2882 (мамыр 2014, тамыз 2019) |
Актуалды рейтингі |
2830 Шахматшының id табылмады |
Марапаттары мен сыйлықтары |
Шахматтан әлем чемпионы (2013—2023) |
Жеке мағлұматы ФИДЕ сайтында
| |
Ресми сайты | |
2006 жылы шахмат бойынша Норвегия чемпионы атанды. Бірнеше ірі турнирлердің жеңімпазы және жүлдегері болды. 2009 жылғы блиц бойынша әлем чемпионы. 2007 және 2011 жылғы Әлемдік шахмат біріншілігіне үміткерлердің бірі, 2013 жылғы үміткерлер турнирінің жеңімпазы. 4 шахмат Оскарының иегері - (2009, 2010, 2011 және 2012 жылдары) бұл олжаны қатарынан төрт немесе одан да көп рет жеңіп алған үшінші шахматшы (Карпов пен Каспаровтан кейін).
2013 жылы Time журналы Магнусты "Титандар" санатында "әлемдегі ең ықпалды 100 адам" тізіміне қосты.