Көкірек керегесі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Көкірек керегесі (лат. thorax ) — жануарларда жоғарғы (адамда — артқы) жағынан көкірек омыртқаларынан, екі бүйірінен қабыртқалардан, төменгі (адамда — алдыңғы) жағынан төссүйектен құралған біліктік қаңқаның бөлігі. Көкірек керегесінің пішіні екі жағынан кесілген конусқа ұқсайды. Оның алдыңғы (адамда - жоғарғы) кіші кіреберіс тесігін: I көкірек омыртқасы, I қабыртқалар және төссүйектің тұтқасы, ал артқы (адамда - төменгі) үлкен шығаберіс тесігін: соңғы көкірек омыртқасы, соңғы қабыртқалар мен қабыртқа доғалары және төссүйектің семсерше шеміршегі шектейді.[1]