Киев
From Wikipedia, the free encyclopedia
Киев (укр. Київ [ˈkɪjiu̯]) — Украинаның астанасы және ең ірі қаласы, батыр-қала. Днепр өзенінің бойында орналасқан. Киев агломерациясының орталығы болып табылады. Киев – Украинаның жеке әкімдік-аймақтық бірлігі, елдің мәдени-басқару орталығы, сол сияқты Киев облысының әкімшілік орталығы. Украинаның орталық бөлігінің солтүстігіне қарай орналасқан. Тұрғындары жыл сайын орта есеппен алғанда 20 мың адамға тұрақты түрде өсіп келеді.[9] Киев – халқының есебі бойынша европадағы Мәскеу, Лондон, Санкт-Петербург, Берлин және Мадридтен кейін алтыншы орынды иемденген.
Облыс орталығы | |||||
Киев | |||||
укр. Київ | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел |
УкраинаУкраина | ||||
Статусы |
Астана | ||||
Ішкі бөлінісі |
10 аудан | ||||
Мэр | |||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Координаттары |
50°27′00″ с. е. 30°30′00″ ш. б.50.45000° с. е. 30.50000° ш. б. / 50.45000; 30.50000 (G) (O) (Я) | ||||
Құрылған уақыты | |||||
Алғашқы дерек |
V ғасырдың басы — VI ғасырдың басы | ||||
Жер аумағы | |||||
Ең биік жері |
100—200 м | ||||
Уақыт белдеуі | |||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
2 967 360[8] немесе | ||||
Тығыздығы |
4481 адам/км² | ||||
Агломерация |
Киев агломерациясы — 4 071 000 | ||||
Ұлттық құрамы |
(2001 ж. санақ бойынша) | ||||
Конфессиялар |
православтар, католиктер, протестанттар, мұсылмандар, иудейлер | ||||
Этнохороним |
киевтік, киевтіктер | ||||
Сандық идентификаторлары | |||||
Телефон коды |
+380 44 | ||||
Пошта индекстері |
01000 — 06999 | ||||
Автомобиль коды |
AA, КА / 11, 28 | ||||
Басқалары | |||||
Марапаттары | |||||
kmv.gov.ua (укр.) | |||||
Ортаққордағы санаты: Киев |
Киев поляндықтар, Киев Русінің, және Киев князьдігінің астанасы болған. 1917 жылғы қарашаның 7 мен 1918 жылдың 29 сәуірі аралығында және 1918 жылдың 14 желтоқсаны мен 1919 жылдың 5 ақпаны аралығында - Украина Халық Республикасының астанасы, 1918 жылдың 29 сәуірі мен 14 желтоқсаны аралығында – Украина Державасының (Ірі мемлекетінің) астанасы, 1919 жылдың 7 қыркүйегі мен 29 желтоқсаны аралығында - ОРҚК Киев әскери облысының орталығы, 1934 жылдың маусымынан 1991 жылдың 24 тамызына дейінгі уақыт аралығында УССР, 1991 жылдан бері – Украина астанасы.
Киев – елдің алдаңғы қатарлы саяси, әлеуметтік-экономикалық, көліктік және ғылыми орталығы. Киевте үкіметтің жалпымемлекеттік органы және жергілікті өзін-өзі басқару органдары, шет мемлекеттер елшілігі, жалпымемлекеттік коммерциялық ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің, сол сияқты шетел серіктестерінің Украинада жұмыс істейтін өкілдігінің көпшілігінің штаб-пәтерлері бар.
Қаланың өзінің елтаңбасы мен туы бар. ІХ ғасырдан ХІІ ғасыр аралығында Киев Русінің орталығы ретіндегі тарихи өзіндік мәнінің күшімен де қаланы қазіргі уақытта да «Орыс қалаларының анасы» деп атайды.