Кеңейтілген DC Ғаламы
From Wikipedia, the free encyclopedia
«Кеңейтілген DC Ғаламы» (ағылш. DC Extended Universe) — Warner Bros. Entertainment кинокомпаниясының DC Comics баспасының комикстеріне негіздеп шығарған медиафраншизасы. Қазіргі уақытта он бір фильм шығып үлгерді — «Құрыш адам», «Бэтмен Суперменге қарсы: Әділет таңы», «Жанкештілер жасағы», «Ғажайып-әйел», «Әділдік лигасы», «Аквамен» және «Шазам!», «Ғажайып әйел: 1984», «Жыртқыш құстар», «Жанкештілер жасағы: Сынақ миссиясы», «Қара Адам». Warner Bros. Pictures әлі тағыда жиырма бір фильм түсіруді көздейді. Жоспар бойынша бұл фильмдердің сюжеті бір-біріне қатысты болады, ал басты кейіпкерлер үнемі өзгеріп бір-бірімен кездесіп отырады. Келесі кезекте шығатын фильмдер: «Шазам: Құдайлар қаһары», «Флэш», «Көк қоңыз», «Аквамен және Жоғалған патшалық».
Кеңейтілген DC Ғаламы | |
DC Extended Universe | |
Құрушысы | |
---|---|
Алғашқы туындысы |
Құрыш адам |
Баспасөздер | |
Кітаптар |
DCU кітаптары |
Комикстер | |
Фильмдер мен телесериалдар | |
Фильмдер |
DCEU фильмдері |
Телесериалдар |
DCEU телесериалдары |
Аудио | |
Саундтректер |
Ханс Циммер |