From Wikipedia, the free encyclopedia
Кашмир [1](Balti: کشمیر; Dogri: कश्मीर, Gojri: کشمیر; Poonchi/Chibhali: کشمیر; Kashmiri: कॅशीर, کٔشِیر; Ladakhi: ཀཤམིར; Shina: کشمیر; Uyghur: كەشمىر) - Гималай таулары арасындағы сырт көзден таса қала көпке дейін жұртқа жұмбақ болып келсе, ал бабаларымыз оны жақсы білген.
Бұл өлке жан-жағын үлкен таулары қоршап жатқан, көлденеңі 30, ұзындығы 220 шақырымдық үлкен аңғар. Кашмирде орта және кіші шаһарлар мен кенттер баршылық. Астанасы Сринагарды Желам өзені жарып ағып жатыр. Қала шетінде аумағы атшаптырым Дал көлі бар. Сринагар және тау етегіндегі төбелердің бәрі жалпақ жапырақты және шырша, қарағайлы орман. Олар өлкеге көрік беріп тұр.
Делиде жаз айларында күн өте ыстық болса, Кашмирде 23-25 градустан аспайды. Кешке қарай кейде қоңыр салқын жел есіп, тынысыңды кеңейтеді. Сол себепті бірқатар үндістандықтар жаз айларында демалыстарын Кашмирде өткізеді.
Осы өлкені Мұхаммед Хайдар Дулати 11 жыл (1540-1551) билеген. Ол өзінің атақты “Тарих-и Рашиди ” атты еңбегінде Кашмирдің табиғаты, өзен-көлдері, бау-бақшасы, халқы, қала-кенттері туралы сүйсіне жазған: “Кашмир – әлемнің ең мәшһүр қалаларының бірі, – дейді ол. – Әртүрлі таңқаларлық әрі сирек кездесетін жерлерімен мәлім... Бұл аймақта барлық жер төрт түрге бөлінеді: 1) суармалы жерлер, 2) дақылдар суарылмай өсірілетін, яғни тәлім жерлер, 3) бау-бақшалы жерлер және 4) тегіс алаңдар (жазықтар), өзендер мен көлдердің жағалаулары, онда шабындық жоңышқа, қоғажай және әр түрлі гүлдер алма-кезек өседі. Бұл жерде ылғалдың көптігіне байланысты егін жақсы өспейді. Сондықтан ол жерлер егіске пайдаланылмаған. Оның өзі де Кашмирдің әсем бір көрінісі болып табылады...
Ғажайыптардың тағы бірі – Кашмирде тұт өте көп өседі. Себебі оның жапырағы жібек құртына беріліп, жібек өндіріледі. Сондықтан оны жеу дәстүр емес, тіпті айып болып табылады. Тағы да бір ерекшелігі – жеміс-жидектер піскен кезде алып-сату өте сирек. Бау-бақша иесі де, иесі емес те бірдей пайдалана береді. Бақтың айналасы шарбақпен сирек қоршалады. Адамдардың жемісті бақтан жұлуына шектеу әдеті мұнда жоқ”.
Ежелгі дәуірде және орта ғасырларда Үндістан жерінде болған түрлі мемлекеттік құрылымдар құрамына кірді. 1586 жылы Моғол империясына енді (қ. Акбар), 1736 жылы оны ауғандар, 1818 жылы сикхтер басып алды. 1845 – 46 жылы1-ағылшын-сикх соғысында ағылшын отаршылдары жаулап алды. Джамму раджаларының басқаруына берілді. Джамму ақсүйектерінің езгісіне қарсы кашмирліктер жиі-жиі көтеріліс жасап тұрды (ең ірілері 1931 – 33 және 1946 жылы болды). 1947 жылытамызда тәуелсіз екі мемлекет – Үндістан мен Пәкстан құрылуына байланысты, К. даулы өлкеге айналды. Кейбір тайпалар Пәкстан құрамына қосылса, қалғандары Үндістанға қосылуды қалады. Екі арада қарулы қақтығыстар басталып, екі ел басшылары БҰҰ-на шағым түсірді. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 5 елден ара ағайындық комиссия құрды.1949 жылы1 қаңтарда соғыс қимылдары тоқтатылып, 27 шілдеде шекара сызығы белгіленді. Батыс және Солт.-Батыс К. Пәкстанға, ал қалған көпшілік бөлік Үндістанға бағындырылды. 1952 жылышілдеде билеушісі (махараджа) мен Үндістан үкіметі арасында Дели келісімі жасалды, өлке Джамму және Кашмир штаты деген атпен Үндістан құрамына енгізілді, бұл шешімді жаңа штаттың ұйысу жиналысы 1956 жылы17 қарашада қабылданған конституциямен бекітті. Осыған байланысты Үндістан бұл мәселе біржола шешімін тапты деп есептеді. Пәкстан, керісінше, Джамму және Кашмирде референдум жүргізуді талап етті. Осыдан кейін Кашмир мәселесі БҰҰ-нда бірнеше рет көтерілді және 1955, 1960, 1962, 1963 жылыүнді-пәкстан кездесулерінде талқыланып, ешқандай нәтижеге қол жетпеді. Екі ел арасында 1965 жылытуған кезекті қарулы қақтығыс КСРО мен басқа да елдердің белсенді араласуымен тоқтатылды. Ташкент кездесуінде (4 – 10 қаңтар 1966 ж.) екі ел басшылары үнді-пәкстан қатынастарын реттеуге жол ашатын декларацияға қол қойды. Бірақ К. мәселесі әлі де толық шешімін таба алмай келеді. 2001 жылы Үндістан мен Пәкстан елдері ядр. державаға айналып, К. екі ел арасындағы ғана емес, Азия құрлығындағы ең бір қауіпті аймақтардың біріне айналды. 2002 жылы көктемде Үндістан мен Пәкстан арасында кезекті жанжалы басталып, арты қарулы қақтығысқа ұласты. Әлемдік деңгейдегі аса үлкен соғысқа жол бермеу үшін Қазақстан Президенті Н.Назарбаев екі ел басшыларын Азиядағы өзара ынтымақтастық пен сенім шаралары кеңесіне қатысуға, келіссөз үстеліне отыруға шақырды. Бұл шақыруды екі ел басшысы да қабыл алып, 2002 жылы 3 маусымда Алматыға келді. 4 маусымда өткен саммит кезінде олар өздерінің ядр. қаруын бірінші болып қолданбайтындықтары жөнінде мәлімдеме жасады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.