Калян мұнарасы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Калян мұнарасы – Орта Азия архитектурасының тамаша ескерткіштерінің бірі, Бұхарадағы мұнара мен мешіттің атауы. Калян мұнарасы (1127) алғаш Қарахан әулетінен шыққан Арслан ханның әмірімен XII ғасырда тұрғызылған. Бұл көркемдігі жағынан өте сұлу жасалған мұнара – ағаштан салынған (қасында үлкен мешіті бар, XII ғасыр) алып комплекстің бір бөлігі. Кейін ағаш мұнара құлап, жанындағы мешітті басып қалған. Оның орынан шақпақ кірпіштен, ғаныш лаймен ұстастырып қалаған қазіргі мұнараның өте берік болу жағы қарастырылған. Биіктігі 60 метр мұнараның 10 метрдейі жер астына жіберліген. Мұнараның сырты айналдыра типылданған қалақ кірпіштермен көмкеріліп, нақышты жазуы бар түрлі – түсті плиткалармен өрнекті белдеу жүргізілді. Мұнара жанында Калян мешіті (XV – XVI ғасырда бұрынғы ағаш мешіттің орнына салынған) аумақтылығымен (130х80 метр), ауласындағы күмбездер галереясының нақыштылығымен көз тартады. Калян мұнарасы мен мешіті Мір Араб медресесімен (1536 жылы) қосылып, қаланың орталық ансамблі – Пои – Калянды құрайды.[1][2]