Калифорния университеті, Беркли
From Wikipedia, the free encyclopedia
Калифорния университеті, Беркли (ағылш. The University of California, Berkeley) — көпшілік зерттеу университеті, АҚШтың, Калифорния штаты Беркли қаласында орналасқан. Калифорния университетінің 10 кампусының ең көнесі . 2013 жылы «Ұлттық университеттер» рейтингісінде (U.S. News & World Report басылымы) 20-ы позицияны ұстады, сонымен қатар білім берру программалары бойынша елдегі ең үздіктер қатарына енеді[5]. 2013 жылы Times Higher Education рейтингіснде Беркли Калифорния университеті әлем университеттері арасында 5 орынға тұрақтады[6].
Калифорния университеті, Беркли | |
Ұраны: | |
---|---|
лат. Fiat Lux ағылш. Let There Be Light қаз. Әрқашан нұр сөнбесін |
|
Университет атауы | |
Шынайы аты | University of California, Berkeley |
Жалпы сипаттамасы | |
Құрылған жылы | 1868 |
Түрі | Штат университеті |
Орналасуы | |
Орналасқан жері | Беркли, Калифорния |
Кампус | қалалық (2,692 га) |
Әкімшілік | |
канцлер | Николас Диркс (ағыл.)қаз. |
Негізгі көрсеткіштер | |
Мамандар | 36 204[1] |
Оқытушылар | 2 177[2] |
Студенттер | 234 464[3] |
Бакалавриат | 25 951[4] |
Магистратура | 10 253[1] |
Сайты | www.berkeley.edu |
өңдеу |
Университет компьютер және IT технологиялар, экономика, физика салалары әлемге әйгілі. Беркли физикасы Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін сутегі бомбасын жасап шығуда, жалпы атом бомбасын жасауда басты рөл атқарды. Беркли ғалымдары циклотрон ойлап тауып, антипротонды зерттеді, лазерді жасап шығуда басты рөл ойнады, фотосинтез процессінің негізін түсіндіріп берді, көптеген химиялық элементтерді ашты, оларды айта кететін болсақ, сиборгий, плутоний, берклий, лоуренсий және калифорний. Дәл Беркли ең бірінші BSD ( және BSD лицензиясын) операциялық жүйесін алды[7][8].
Беркли өзінің тарихында студенттік активизмімен белгілі. Біршама белгілі акциялары: 1964 жылғы Сөз бостандығы қозғалысы — протест акциясы, университеттің саяси памфлеттерді таратушыларды кампустан қууға тапсырма берген кезден басталған және Ұлттық парктегі бас көтеру 1968 жылы, шетелдік студенттердің қарсылық акциясын өткізген кезде басталған, 1960 жылдары орын алған «хиппи» мәдениетімен тікелей байланысты. Алайда студенттік активизмдерге және бас бұзарлыққа қарамастан, Беркли кампусы көптеген жасыл бұрыштарымен және ғимараттарымен, оларлың жақсы сақталған архитектурасымен танымал.