Жаклин Кеннеди
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жаклин Ли «Джеки» Бувье Кеннеди Онассис, тумысында Жаклин Бувье (фр. Jacqueline Bouvier), бірінші неке бойынша Кеннеди (ағыл. Kennedу), екінші неке бойынша Онассис (ағыл. Onassis); 28 шілде 1929 – 19 мамыр 1994, Джеки (ағыл. Jackie) ретінде танылған – 1961-1963 жылдары аралығында Америка Құрама Штаттарының Бірінші ханымы. Өз заманының ең әйгілі әйелдердің бірі, жаңа сән үлгілерін шығарушы, Америка мен Еуропада нәзіктілік пен әдеміліктің белгісі, зайырлы хрониканың кейіпкері. Оның тарихи архитектураның сақталуына қосқан үлесі үшін халық оны есте сақтап қалды. Бірнеше баспаларда редактор болып жұмыс істеді. Оның әйгілі қызғылт Chanel костюмі оның күйеуінің қазасының белгісі және 1960 жылдарының көзге көрінген керемет бейнелердің бірі болып есептелінеді.
Жаклин Кеннеди Jacqueline Kennedy | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
20 қаңтар 1961 жыл — 22 қараша 1963 жыл | |||
Ізашары | Мейми Эйзенхауэр | ||
Ізбасары | Леди Берд Джонсон | ||
Өмірбаяны | |||
Дүниеге келуі | 28 шілде 1929 (1929-07-28) Нью-Йорк, АҚШ | ||
Қайтыс болуы | 19 мамыр 1994 (1994-05-19) (64 жас) Нью-Йорк, АҚШ | ||
Әкесі | Джон Бувье | ||
Анасы | Джанет Нортон Ли | ||
Жұбайы | Джон Кеннеди | ||
Балалары | Джон-кіші, Каролина, Патрик, Арабелла | ||
Қолтаңбасы | |||
өңдеу |