Еуропа одағы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Еуропа одағы (Еуроодақ, ЕО) — 27 Еуропалық ел арасындағы саяси және экономикалық одақ. Одақтың аумағы 4 233 255 км², және халық саны шамамен 447 миллион. Еуроодақты sui generis саяси нысан (яғни оған ұқсас нысан жоқ) деп атаған, себебі одақ бойында федерацияның және конфедерацияның белгілері көрінеді.[1][2]
Еуропа одағы | |
Ресми тілдерде:
| |
ЕО туы | |
Ұраны: In Varietate Concordia | |
Әнұраны: "Еуропаның әнұраны" (аспаптық нұсқа) | |
Мүшелік: |
27 мемлекет |
---|---|
Саяси орталықтары: | |
Басшылары | |
— Еуропалық кеңес |
Шарль Мишель |
— Комиссия |
Урсула фон дер Ляйен |
— Парламент |
Давид-Мария Сассоли |
— Министрлер Кеңесі | |
Құрылуы | |
— Париж |
23 шілде 1952 |
— Рим |
1 қаңтар 1958 |
— Маастрихт |
1 қараша 1993 |
http://europa.eu/ | |
Еуропа одағы Ортаққорда |
Жалпы саны 373 млн адамнан асатын халқы бар Еуропа территориясында орналасқан Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Аустрия, Финляндия, Швеция сияқты елдердің (1993) қатысуымен құрылған.
Еуропа одағы еуропалық қауымдастықтың, атап айтқанда, Еуропалық көмір мен болат қорыту бірлестігінің (1951, осы ұйым Еуропа одағының құрылуына негіз қалады), Еуропалық экономикалық қауымдастықтың (1957 жылы Рим келісімшарты бойынша құрылған бұл ұйым “Ортақ рынок” деп те аталады), сондай-ақ, Атом энергиясы жөніндегі еуропалық қауымдастықтың (1957 жылы құрылған) қарым-қатынастары негізінде жұмыс істейді.
Кейіннен бұл Одаққа – Польша, Мажарстан, Чехия, Словакия, Словения, Хорватия, Эстония, Латвия, Литва елдері мүше болды. Еуропа одағы аясындағы интеграциялық ынтымақтастықтың басты мақсаттары Бірегей еуропалық актіде (1987), Маастрихт келісімшартында (1992) және Амстердам келісімінде (1997) көрсетіліп айқындалған. Соңғы жылдары Еуропа одағы мынадай бағыттарда: ортақ рыноктан экономикалық және валюталық одаққа өту; кең өрістілік стратегиясын жүзеге асыру; бірегей сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласында тұтастық ахуалын қалыптастыру; Жерорта теңізі жағалауындағы, Азия, Латын Америкасы, Африка құрлығындағы аймақтық саясатты жандандыру; әлеуметтік саладағы үйлесімділікті одан әрі арттырып, құқық қорғау және ішкі тәртіпті сақтау ісіне әріптестік байланыстарды өрістету мұратына қызмет етіп келеді.
1999 жылдың бірінші қаңтарынан бастап (алғашқы кезекте он бір мемлекет: Аустрия, Бельгия, Германия, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Нидерланд, Португалия, Финляндия, Франция) есеп айырысу операциялары үшін тепе-теңдік қасиеті бекіндірілген бірегей еуро (1996 жылға дейін ЭКЮ) валютасын енгізді. 2002 жылдан бастап қолма-қол төлемдерге арналған тиындар мен банкноттар айналымға қосылмақшы. Еуропа одағының жалпы органдары қатарына Еуропалық комиссия, Еуропалық парламент, Еуропалық Одақтың Кеңесі, Еуропалық сот, Аудиторлар палатасы, т.б. жатады.