Ерігіш жынысты үңгірлер
From Wikipedia, the free encyclopedia
Tрігіш жынысты үңгірлер. Ерігіш жынысты үңгірлер ерігіш жынысты жартастарда түзіледі. Олардың құрамында әктасты жыныстар басым. Дегенмен араларында бор, долмит, мрамор, гранит, тұз, құмтас, тасқа айналған маржандар мен гипс те кездеседі. Үңгірдің түзілуі барысында орын алатын кең таралған үдеріс – «карстану» деп аталады. Бұл – жартастардың жаңбыр суына еруі. Ең үлкен және ең бай ерігіш жынысты үңгірлер әктасты жарастарда болады. Әктасты жартастар көмір қышқылы және табиғи оргпникалық қышқылдармен араласқан жаңбыр мен жерасты суларында ериді. Көптеген жабайы жануарлар ерiгiш жынысты үңгiрлерде өмір сүредi. Көптеген ipi жыртқыштар ол жерлердi баспана ретiнде әpi демалу үшiн пайдаланады. Құстар мен ағаш егеуқұйрығы сияқты ұcaқ сүтқоректілер көбiне уңгiрлер мен ойпаттарда ұя салады. Үңгiрлер - жарғанат тұқымдастары үшiн таптырмайтын баспана. Олар қонақтау үшiн және сол жерлерде қыстау үшін үңгірлерге тәуелді.