Гуппи
From Wikipedia, the free encyclopedia
Гуппи — тұщы суда мекендейтін тірілей туатын балық. Гуппилерде жыныстық диморфизм анық байқалады — еркектері мен ұрғашылары үлкендігі, формасы және түсі жағынан бір бірінен қатты ерекшеленеді:
Гуппи | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Poecilia reticulata W. K. H. Peters, 1859 | ||||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||||
|
Еркектерінің тұрқы 1,5—4 см; жіптіктей сымбатты; кейбір асылтұқымдыларының желбезектері ұзынырақ; түсі ашық жарқын түстерге боялған. Еркектерінің арнайы жыныстық мүшесі — гоноподий — фаллостық формадағы аналды желбезегі бар.
Ұрғашыларының тұрқы 2,8—7 см; қарны жуан, аналдық аумағында уылдырық көрінеді; желбезектері еркектеріне қарағанда пропорциялы түрде кішірек; табиғи өсу аймақтарындағы және басқа тұқымдарының ұрғашыларының түсі сұр болып келеді, теңгесі ромбтәрізді торға ұқсайды, сол үшін бұл түрдің балықтары лат. : reticulum — тор, торкөз деп аталады.
Ең танымал және күй талғамайтын аквариум балықтары. Үй аквариумында судың барлық қабаттарында өмір сүреді. табиғаттағы жабайы түріне қарағанда үйдегі аквариумда қолдан баққан жағдайда үлкенірек болып өседі және ұзағырақ өмір сүреді. Аквариумдарда гуппилердің түрлі будандастырылған тұқымдары өмір сүреді.