Гарвард университеті
From Wikipedia, the free encyclopedia
Үлгі:Infobox university
Гарвард университеті (ағылш. Harvard University) — 1636 жылы Массачусетс штатының Кэмбридж қаласында Массачусетс заңнамасымен қаланған жекеменшік, Айви Лигасына кіретін зерттеуші жоғары оқу орны. Гарвард АҚШ-тағы [1] жоғары оқу орындарының ішіндегі ең көнесі және АҚШ-тағы тұңғыш корпорация (ресми президенті және басқа жұмысшылары тағайындалған). Әлемде Гарвардты ең беделді университет ретінде таниды, себебі оның тарихы, ықпалы және жеткен жетістіктері өте жоғары. [2][3]
Университетке алғаш ақшалай көмек көрсеткендердің бірі Джон Гарвард болғандықтан, университет осы кісінің атымен аталады. Университеттің ресми түрде ешқашан дінге (шіркеуге) байланысы болмаса да, конгрегационалисттер мен унитаристтер даярланған. 18-ғасырда Гарвардтың оқу бағдарламасы дінтану негіздеріне бағытталған, оқушылар осы жүйемен білім алған. 19-ғасырда Бостон элитасының арасында Гарвард дінтанудың мәдени орталығы болып есептелді. [4][5] Америка Азаматтық соғысынан кейін Гарвардта қырық жыл бойы президент болған Чарлс Уиллием Элиот (1869-1909) Гарвардты орталықтандырылған зерттеу университетіне айналдырып, Америка Университеттері Ассоциациасының құрылтай-мүшесі болу деңгейіне жеткізді. [6] Ұлы Тоқырау мен Екінші Дүниежүзілік соғысы кезінде Гарвардты басқарып, университетті реформалап, және оқуға қабылдау жүйесін әділ жасаған Жэймс Брайт Конант болды. 1900 жылы Гарвардтың негізгі бакалаврлар даярлайтын колледжі Рэдклиф Колледжімен бірігіп, ұлдар мен бикештерге білім беруді бірлестіруді бастады. 2007 жылы Дрю Гилпин Фауст Гарвардтың ең алғашқы әйел-президенті болып сайланды. Гарвард – әлемдегі ең бай қаржы қоры бар білім институты, 2011 жылдың қыркүйегінде оның қорында $32,4 миллард бар делінген.[7]
Гарвардта он бір білім орталығы – он факультет және тереңдетіп оқытуға бағытталған Рэдклиф Институты - және бүкіл Бостан метрополитені бойынша орналасқан кампустары бар. [8] Гарвардтың негізгі кампусы Кэмбридж қаласындағы Гарвард Ярдта, шамамен Бостанның солтүстігінде орналасқан. Гарвард Бизнес Мектебі және университеттің спорттық кешендері, оның ішінде Гарвард Cтадионы (Harvard Stadium) Чарльз Өзенінің жағасындағы Олстенде орналасқан, ал Гарвард Медицина Мектебі, Гарвард Тіс емдеу мектебі, және Гарвард Денсаулық мектебі - үшеуі Лонгвуд Медицина және Академия аймағында орналастырылған. [9]
2010 жылдан бастап, Гарвардта орташа есеппен 2,100 ұстаз, 6,700 бакалаврлар және 14,500-дей магистратура студенттері бар. [10] АҚШ-тың 8 президенті Гарвардта білім алған және 150 Нобель лауреаты Гарвардта студент не ұстаз болған. Сонымен қатар, Гарвард әлемнің 62 миллиардерінің альма-матері. [11] Гарвард Университет Кітапханасы (Harvard University Library) АҚШ академиялық институттары арасындағы ең ірісі және әлемдегі ең үлкен кітапханалардың бірі.[12]
Гарвард Кримсон (Harvard Crimson) "АҚШ-тағы Ұлттық Колледж Спорт Ассоциясында" Айви Лигасы колледждерінің арасында бірінші болып спорттың 41 түрінен жарысқа қатысады. Гарвардтың спорт жарыстарындағы негізгі бәсекелесі – әйгілі Йель университеті, әсіресе "дәстүрлі АҚШ футболынан" - The Game деп аталады. Алайда Гарвард - Йель Регатта (Harvard–Yale Regatta) бәсекелестігі АҚШ футбол бәсекелестігінен де бұрын болған. Гарвард – Йель бәсекелестігіне қарамастан, екі жыл сайын осы екі университеттің Track and Field спорт топтары бірігіп, Британияның атақты Оксфорд және Кэмбридж университеттерінің спорт топтарына қарсы ойнайды. Бұл- дүниежүзіндегі халықаралық деңгейдегі ең көне әуесқой бәсекелестік. [13]