Володимир Олександрович Зеленський
Украинаның 6-президенті (2019 бері) / From Wikipedia, the free encyclopedia
Володимир Олександрович Зеленський (укр. Володимир Олександрович Зеленський; 25 қаңтар 1978 жыл, Кривой Рог, Днепропетровск облысы) — украиналық мемлекеттік және саяси қайраткер, сценарист, актер, продюсер. 2019 жылы сайланған Украинаның 6-президенті.[2]
Володимир Олександрович Зеленський укр. Володимир Олександрович Зеленський | ||||
Зеленський, 2023 жыл | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
20 мамыр 2019 жылдан бері | ||||
Премьер-Министр | Володимир Гройсман Олексій Гончарук Денис Шмигаль | |||
Ізашары | Петро Порошенко | |||
Өмірбаяны | ||||
Партиясы | партиясыз[1] | |||
Білімі | Кривий-Рих экономика институты | |||
Дүниеге келуі | 25 қаңтар 1978 (1978-01-25) (46 жас) Кривой Рог, Днепропетровск облысы, Украин Кеңестік Социалистік Республикасы, КСРО | |||
Әкесі | Олександр Зеленський | |||
Анасы | Римма Зеленска | |||
Жұбайы | Олена Зеленска | |||
Балалары | Олександра, Кирило | |||
Сайты | president.gov.ua | |||
Қолтаңбасы | ||||
Володимир Олександрович Зеленський Ортаққорда | ||||
өңдеу |
Саяси мансабын бастамас бұрын заң мамандығы бойынша оқып, фильм, мультфильм және телекомедия түсіретін «Квартал 95» өндіріс компаниясын құрған.[3] Квартал 95 компаниясы 2015 және 2019 жылдар аралығында Зеленський Украина президентінің рөлін сомдайтын «Халық қызметшісі (ағыл.)қаз.» атты телесериал түсірген. Дәл осы атаумен компания 2018 жылдың наурыз айында саяси партия құрды.[4][5]
Зеленський сайлауға түсетіндігін 1+1 телеарнасында 2018 жылдың 31 желтоқсаны лауазымдағы Украина президенті Петро Порошенконың жаңа жылдық құттықтау сөзінің алдында жариялады.[6] Володимир Зеленський сайлауда дауыстың 73,22 % жинап, лауазым иеленушісі Петро Порошенконы жеңіп шықты.[7]