Бэтмен (фильм, 2022)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бэтмен (ағылш. The Batman) — Warner Bros. шығарған DC Comics суперқаһарманы Бэтменге негізделген америкалық суперқаһармандық фильм . Warner Bros Pictures, DC Studios, 6th & Idaho және Dylan Clark Productions компаниялары продюсерлік еткен. Бэтмен фильмдер сериясының ребуты саналады. Фильмнің сценарийін Питер Крэйг пен фильм режиссері Мэтт Ривз бірге жазған. Басты рөлдерде Роберт Паттинсон, Зое Кравиц, Пол Дано, Джеффри Райт, Джон Туртурро, Питер Сарсгаард, Энди Серкис және Колин Фаррел . Бэтмен (Паттинсон) қылмыспен күресудің екінші жылында және Готемның элитасына қауіп төндіретін сериялық кісі өлтіруші Риддлерге (Дано) қарсы тұрады. Осы жолда Готемның сыбайлас жемқорлыққа белшесінен бату себептерін ашуға тырысады.
Бэтмен | |
The Batman | |
Жанры |
Атыс-шабыс |
---|---|
Режиссёрі |
Мэтт Ривз |
Продюсері |
Мэтт Ривз |
Сценарийдің авторы |
Мэтт Ривз |
Басты рөлдерде |
Роберт Паттинсон |
Операторы |
Грег Фрейзер |
Композиторы |
Майкл Джиаккино |
Кинокомпания |
Warner Bros. Pictures |
Дистрибьютор | |
Ұзақтығы |
176 мин. |
Бюджеті |
$185-200 млн |
Кассалық түсімі |
$770,8 млн |
Мемлекет | |
Тілі |
ағылшын |
Шыққан жылы | |
Келесі фильм |
Пингвин |
https://www.thebatman.com |
DC Universe (DCU) фильмдерінде Бэтменді сомдаған Бен Аффлек 2014 жылы фильмге режиссер, продюсер, бірлескен сценарийші және басты рөлді сомдаушы актер ретінде тіркеледі. Алайда 2017 жылы актер сценарийге қатысты мәселелерге байланысты режиссерлік қызметтен бас тартты. Нәтижесінде Ривз режиссер және сценарист болып тағайындалды, ол сюжетті жас Бэтменнің айналасына шоғырландыруды және кейіпкердің детективтік аспектілерін ерекше атап өтуге шешім қабылдады. Ривзді Бірінші жыл, Ұзақ Хэллоуин және Эго комикстері шабыттандырды. Аффлек жобаны 2019 жылы тастап, фильмнен DC Universe ғаламына қатысты сілтемелер алып тасталынды. Паттинсон басты рөлге 2019 жылдың мамыр айында бекітілді, қалған актер құрамы 2019 жылдың аяғында жарияланды. Түсірілім 2020 жылдың қаңтарынан 2021 жылдың наурызына дейін Чикаго мен Англияда өтті.
Бэтменнің премьерасы 2022 жылы 23 ақпанда Лондонда өтті. Кинокомикс Америка Құрама Штаттарында 4 наурызда жарық көрді. Фильмнің премьерасы COVID-19 пандемиясына байланысты екі рет кейінге қалдырылды. Фильм дүние жүзінде 770 миллион доллар жинап, 2022 жылдың ең көп табыс әкелген 5-ші фильмі болды, сонымен қатар фильмнің ұзақтығын кейбіреулер сынға алғанымен, актерлік ойынды, режиссураны, оқиғаны, операторлық жұмысты және композиторды жоғары бағалаған сыншылар өте жылы қабылдады. Бэтмен фильмінің екі жалғасы жоспарланған, бұл фильм сондай-ақ HBO Max -пен әзірленетін екі спин-оффы бар Бэтмен фильмдер сериясының бастамасы болады деп күтілуде.