Бабыр жазуы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бабыр жазуы, Бабыр хаты — Захир әд-Дин Мұхаммед Бабырдың 1503—1504 жылы араб әліпбиі негізінде қалыптастырған жазу үлгісі. Ежелгі түркі (шағатай) әдеби тіліне ыңғайланған бұл әліпби 29 әріптен тұрады. Ол жайлы “Бабырнама”, Низамиддин Ахмад Хиротидің “Табақат-и Акбари”, Әбділқадыр Бәдәуидің “Мұнтахаб ат-тауарих”, т.б. шығармаларында айтылады. Арнайы жарияланбағанымен “Бабырнамада” келтірілген өрнектерге, көркем белгілерге қарағанда Бабыр жаңа жазу үлгісін қолданысқа енгізуге біраз әрекеттенген.[1]