АҚШ доллары
From Wikipedia, the free encyclopedia
Америка Құрама Штаттарының Доллары (ағылш. United States dollar, ХФӘ: [jʊˌnaɪɾɪd ˈsteɪts ˈdɑlɚ]) — АҚШ ақша бірлігі, әлемдік негізгі резервтік валюталардың бірі. 1 доллар = 100 цент. Белгіленуі: $. Валютаның әріптік коды: USD. Ақша шығару құқығы Америка Құрама Штаттарында Орталық банк функцияларын жүзеге асыратын Федералдық резервтік жүйесіне (ағылш. Federal Reserve System) тиесілі.
АҚШ доллары | ||
---|---|---|
US Dollar (ағылш.) | ||
| ||
Кодтар және таңбалар | ||
Кодтар ISO 4217 | USD (840) | |
Символы | $ • $ • долл | |
Айналым шекарасы | ||
Эмитент | АҚШ | |
Ресми түрде | Бермудалар Бонэйр Британдық Вирджин аралдары Шығыс Тимор Зимбабве Маршалл аралдары Палау Республикасы Панама Пуэрто-Рико Саба Сальвадор Синт-Эстатиус Туркс пен Кайкос Микронезия Эквадор | |
Туынды және параллельді бірліктер | ||
Бөлшекті | Дайм (1⁄10) | |
Цент (1⁄100) | ||
Милль (1⁄1000) | ||
Айналымдағы монеталар және банкноталар | ||
Банкноталар | 1, 2, 5, 10, 20, 50 және 100 доллар | |
Бонкноталар және монеталар өңдірісі | ||
Эмиссиялық орталық | Федералдық резервтік жүйесі | |
Банкнота өңдіруші | Гравировка және мөр бюросы | |
www.moneyfactory.gov/ | ||
Ақша сарайы | АҚШ Монета Сарайы | |
www.usmint.gov/ | ||
Бағамдар ХВҚ, ЕОБ және ҚРҰБ мәліметтері бойынша аутоматты түрде жаңартылып отырады. | ||
АҚШ доллары Ортаққорда |
АҚШ долларының, басқа да бірқатар елдерде (мысалы, Маршалл аралдары, Сальвадор) ұлттық валюта мәртебесі бар. Сондай-ақ өзінің жеке валюта жүзінде қолма-қол ақша немесе қолма-қол емес айналыстағы пайдаланылмайтын жағдайларда, оның ішінде құқықтық төлем қызметіде бар, оларда АҚШ доллары ұлттық валюта ғана емес елдерінде көбіне параллель валюта болып табылады. Мысалы, Зимбабведе.[1]
Әлемдік сауданың 80% астам АҚШ долларымен есептеледі деп саналады.[2]
Bloomberg Агенттігінің деректері бойынша, SWIFT банкаралық айналым жүйесінде 2013 жылдың мамыры мен 2014 жылдың мамыры аралығында АҚШ долларының үлесі 42% -ды құрады. Еуроның (сол кезең үшін) үлесі 32%, юань - 1,47%.[3]