Алла прима
From Wikipedia, the free encyclopedia
Алла прима (итал. alla prima - бірінші сәтте, бір сәтте) — суретті (немесе оның бір бөлігін) алдын-ала кескіндеусіз және бояусыз орындауды көздейтін майлы бояу техникасының бір түрі.[1]
Суретші кескіндемені бір сеанс ішінде, бояулар құрғағанға дейін салып үлгіруі тиіс. Қажетті нәтижеге жету үшін суретші тез және сенімді жұмыс істеуі керек. Бояудың екінші қабатын дымқыл, әлі құрғап үлгірмеген жерге жағу автордан ерекше шеберлікті талап етеді.